12 сәуір 2021 3144

12 сәуірде Сәтбаев Университетінде «Сәтбаев оқулары - 2021» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы басталды

12 сәуірде Сәтбаев Университетінде «Сәтбаев оқулары - 2021» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы басталды

Сәтбаев университеті 2021 жылдың 12 сәуірінде Ғылым күні және академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың туған күнінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "ҚР экономикасының негізгі салаларының дамуы үшін университеттік ғылым мен білім беру" атты дәстүрлі "Сәтбаев оқулары - 2021" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді»

Конференцияның мақсаты тау-кен-геологиялық, металлургиялық, химиялық, машина жасау, құрылыс, коммуникация салаларының даму тәжірибесін қорыту, сондай-ақ университеттің білім алушылары мен жас ғалымдарының шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамыту болып табылады. Конференция тұрақты дамудың жаһандық міндеттерін шешуге қабілетті көшбасшылардың жаңа буынын дайындауға, университетті тануға және ғылыми зерттеулерді танымал етуге ықпал ететін болады.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда геология, геофизика, тау-кен өндіру секторы, көмірсутектерді өндіру, өңдеу салалары, машина жасау, автоматтандыру және цифрландыру, құрылыс, "жасыл экономиканы"дамытудың өзекті мәселелері талқыланады. Университет қызметкерлері, әріптес жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары мен өндірістік кәсіпорындар арасында ынтымақтастықты кеңейту, ғылыми зерттеулер жүргізу тәжірибесін беру мәселелері көтеріледі.

Конференцияға шетелдік және отандық университеттердің студенттері, магистранттары, докторанттары, ғалымдары, Қазақстан Республикасы индустриясының өкілдері, шақырылған шетелдік ғалымдар қатысады.

 

 

 


 
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту