24 қаңтар 2022 3905

15 ақпанға дейін академик Ш.Есенов атындағы шәкіртақыға өтініш беріңіз

15 ақпанға дейін академик Ш.Есенов атындағы шәкіртақыға өтініш беріңіз

Академик Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры. студенттерге ай сайын 27 000 теңге көлеміндегі 20 шәкіртақы тағайындау үшін конкурс жариялайды. Ш.Есенов атындағы шәкіртақы конкурсына қатысу үшін үміткер Қордың сайтында көрсетілген онлайн өтінімді толтырып, қажетті құжаттарды қоса, мына мекенжайға жіберуі керек: yessenovfoundation.org.

Бағдарламаға қатысушылар:

Қазақстандық жоғары оқу орындарында жаратылыстану ғылымдары, техникалық, медициналық және IT мамандықтары бойынша бакалавриаттың 2–3-курсында немесе магистратураның 1-курсында және интернатураның 1-курсында оқитын 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары, яғни студенттер.

Міндетті түрде тапсырылатын құжаттар:

  • Жеке куәліктің сканерден өткен нұсқасы;
  • «Қазіргі заманда кәсіби маман болу оңай ма? Бұған не кедергі және не ықпал етеді?» деген тақырыпта эссе жазу (өңдеу үшін ашық Microsoft Word файлында);
  • Студенттік транскрипт (GPA орташа балл көрсеткіші 3,0-ден төмен болмауы керек, балл көрсеткіші 3,0-ден төмен өтініштер қаралмайды);
  • Магистратура мен интернатура студенттерінде жоғары білімі туралы диплом көшірмесі болуы керек.

Қосымша құжаттар:

  • Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес*;
  • Әлеуметтік белсенділігі және еріктілер қатарында болғаны үшін берілген сертификат – 3 сертификаттан көп емес*;
  • Жарияланым – 2 жарияланымнан көп емес*;
  • Ғылыми жетекшінің/кафедра меңгерушісінің берген ұсыныс кеңесі – 1 құжаттан көп емес.

Өтініштер Қор сайтында 2022 жылдың 24 қаңтары мен 25 ақпаны аралығында қабылданады.

2022 жылдың 25 ақпаны күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де (GMT+6) өтініш қабылдау тоқтатылады. Белгіленген мерзімнен кейін келіп түскен өтініштер қаралмайды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту