12 наурыз 2020 4333

16 наурыздан бастап бакалавриат студенттерінің сабақтары қашықтықтан оқытылады

16 наурыздан бастап бакалавриат студенттерінің сабақтары қашықтықтан оқытылады

Құрметті студенттер мен оқытушылар!

Коронавирус індетінің алдын алу шараларын күшейту мақсатында Сәтбаев университетінде бакалавриаттың барлық аудиториялық сабақтары 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 11 сәуірге дейін қашықтықтан оқыту форматына ауысады. Бұл мерзім кейін тағы да ұзартылуы мүмкін.

Аз ғана топтың сабақтары (лабораториялық және тілдік) институтпен келісім бойынша күндізгі оқу форматында өтуі мүмкін.

Журнал толтыру тәртібі студент пен оқытушының қашықтықтан байланыс жасауы жағдайында еш өзгеріссіз, сол күйінде қалады. Оқытушылардың университет қабырғасындағы жұмыс тәртібіне еркіндік беріледі де, үйден байланыс жасап, онлайн түрде сабақ жүргізулеріне мүмкіндік болады.

Кафедра меңгерушілері мен институт директорларының жұмыс тәртібі сол күйінде сақталады.

Ұжымдық және студенттік кездесулер мен академиялық жиындар өткізу шаралары уақытша тоқтатылады.

Қауіпсіздік шараларын қатаң түрде сақтап, аманшылықта болыңыздар!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту