25 шілде 2017 10377

2017 жылғы гранттар конкурсы басталды! 2021 жылы ҚазҰТЗУ-дың ең үздік бітіруші түлегі кім болады?

2017 жылғы гранттар конкурсы басталды! 2021 жылы ҚазҰТЗУ-дың ең үздік бітіруші түлегі кім болады?

ҚазҰТЗУ-дың бакалавриатына 28 мамандық бойынша мемлекеттік гранттарға құжаттарды қабылдау басталды, ол 2017 жылғы 31 шілдеге дейін жалғасады.

Талапкерлер өздерін қызықтыратын мамандық бойынша оқытушылардан консультация алып, қабылдау комиссиясы жұмысының басталуына арнайы ашылған ҚазҰТЗУ-дың «Ең үздік бітіруші түлектер галереясына» бара алады. 

Әйгілі «Политехте» талантты түлектер көп, бірақ «Галереяға» үздіктердің үздіктері ғана таңдалды: Ілияс Есенберлин, Айқын Төлепберген, атақты альпинист Қазбек Валиев, ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, «Қазатомпром» басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиев және басқалар, оларға «Политех» көшбасшылық қасиеттерін шыңдауға және әлеуетін ашуға көмектесті.

Галереяның ерекшелігі 11-бітіруші түлегі – 2021 жылы ҚазҰТЗУ-дың ең үздік түлегінің портреті болды. Тұлғаның құпиясын ашып, консультация алып, шілденің аяғына дейін  кез-келген күні ҚазҰТЗУ қабылдау комиссиясына құжаттар тапсыра аласыз.

Конкурсқа қатысу үшін ҰБТ бойынша балдардың ең аз саны 65 балл. Бейінді мамандықтар бойынша оқуға түсудің шекті балы – 5 балл. ҚазҰТЗУ-дағы бейінді пәндер: физика, математика, биология, химия.

Грант иелену үшін kb.kaznitu.kz сайтында онлайн тіркелу (алдын ала міндетті емес тіркелу) және құжаттардың түпнұсқасын ҚазҰТЗУ-дың қабылдау комиссиясына тапсыру қажет.

Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың қабылдау комиссиясы күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін 31.07.2017 жылға дейін жұмыс істейді (Сәтпаев к., Байтұрсынов к-ң қиылысы, Басты оқу корпусының жанында). Толық ақпаратты 257 71 12 телефон нөмірі бойынша ала аласыздар.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту