Ақпарат:

18 мамыр 2018 9751

2018 жылы 21 мамыр күні Сәтбаев Университетінде бренд-шоп ашылады

2018 жылы 21 мамыр күні Сәтбаев Университетінде бренд-шоп ашылады

Алдымыздағы дүйсенбі, яғни 21 мамыр күні Сәтбаев Университетінде алғашқы бренд-шоп ашылады. Қазақстандағы әйгілі техникалық жоғары оқу орнының фирмалық дүкені Бас оқу корпусының бірінші қабатында ашылады.

Фирмалық дүкен университеттің символикасы жапсырылған киімдер мен сувенирлерді ұсынады. Мысалы, оқытушылар мен докторанттар үшін сырты қатты терімен қапталып, ішкі жағы конверт сықылды етіп жасалған қойын дәптерлер ұсынылады. Ал флешка, ашық түстес тігілген сырт киімдер мен бас киімдер студенттерге арналып жасалған.

Ашылғаннан бір айдан кейін дүкенге университет символикасы жапсырылған жаңа сувенирлер мен пайдалы заттар түседі. Ол қандай заттар екені әзірге белгісіз. Алайда ұйымдастырушылар жоспарында – қазіргі заманға сәйкес тамаша сыйлықтар ойлап табу және олар үшін Сәтбаев Университетінде қажетті де ыңғайлы жағдай жасау болып отыр.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту