11 желтоқсан 2019 3847

2019 жылы ғылым саласы бойынша атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар тағайындау туралы хабарландыру

2019 жылы ғылым саласы бойынша атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар тағайындау туралы хабарландыру

ҚР БжҒМ Ғылым комитеті  27 тамыздан бастап 25 қыркүйекке дейін ғылым саласындағы 6 атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындауға арналған жұмыстарды қабылдап, олардың нәтижесін шығарды.

«Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 қаулысына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 517 бұйрығына сәйкес:

  • Мемлекеттік ғылыми стипендия Сәтбаев Университеті Өнеркәсіптік автоматтандыру және цифрландыру институтының «Индустриялық инженерия» кафедрасының меңгерушісі Машеков Серік Әкімұлына берілді.

Жас ғалымдар арасында мемлекеттік ғылыми стипендияға ие болғандар:

  • Умышев Диас Райбекович – Сәтбаев Университеті Өнеркәсіптік автоматтандыру және цифрландыру институтының «Энергетика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
  • Байгенженов Өмірсерік Сабыржанұлы – Сәтбаев Университеті Металлургия және өнеркәсіптік инженерия институтының «Металлургиялық процестер, жылу техникасы және арнайы материалдар технологиясы» кафедрасының меңгерушісі;
  • Шарипова Алтынай Азигаровна – жобаның ғылыми жетекшісі, Сәтбаев Университеті.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту