8 қаңтар 2021 7503

2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрі

2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрі

Құрметті студенттер!

Оқу жылының көктемгі семестрі 2021 жылдың 25 қаңтарында басталады. Академиялық күнтізбеге сәйкес 1-ші аттестациялау кезеңі 2021 жылдың 25 қаңтары мен 19 наурызы аралығында жоспарланған.

Көктемгі апталық демалыс 2021 жылдың 20-28 наурыз аралығында өтеді. Екінші аттестациялау кезеңі 2021 жылдың 29 наурызынан 6 мамырына дейін жоспарланған.

Ректордың 2-ші көктемгі семестрдегі оқу форматы туралы No331 бұйрығына сәйкес 1-ші аттестациялау кезеңі (25 қаңтар - 20.03.1921 ж.) дербес онлайн  форматта, аудиториялық сабақтарсыз өтеді.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 11-18 қаңтар айы аралығында, көктемгі семестр кезеңінде ,  университет жатақханасына орналасу үшін студенттерді тіркеу мына сайтта жүргізіледі   https://dormitory.satbayev.university.

Қазіргі уақытта университет 1-ші және бітіруші курстар (4-5) студенттері үшін 2-ші аттестаттациялау кезеңін (29 наурыз - 6 мамыр 2021) аралас, яғни, онлайн және оффлайн форматта ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Бұл кезеңдегі оқыту форматы бойынша оқытылатын  сабақтардың өтетін орны мен аудиториялары,  «сабақтар кестесінде» көрсетіледі.

Сабақ күні мен уақыты семестр бойы өзгермейді.

Сондай-ақ, университет аралас оқыту форматына көшкен жағдайда, наурыз айында студенттерді жатақханаларға орналастыру, тұрғызу  үшін қосымша тіркеуді ұйымдастырады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту