2020-2022 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға конкурс өткізу туралы
Қазахстан Республикасы білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі ҚР БҒМ) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша 2020-2022 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға (іргелі қолданбалы ғылыми зерттеулер) ғылымды дамытудың приоритетік бағыттары мен мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ сайтына орналастырылған және Ғылым комитеті сайтында.
Конкурстық құжаттамалар мен өтінімді рәсімдеуді жүзеге асыратын жауапты тұлға
- Елшибеков Ренат, тел: 8 (7172) 74-19-04, 74-20-29, 74-24-68,
- Қаржы сұрақтары бойынша – Шаймагамбетов Еркин, тел. 8 (7172) 74-16-53,
- Шарт жобасы бойынша – Ибрашева Бакытгуль, 8 (7172) 74-24-67.
Жұмыс уақыты: пн.-пт. 9.00-18.30, түскі үзіліс 13-14.30.
Call center «ҰОМҒТЭ» ақпараттық жүйемен жұмыс істеу туралы өтініштерді тіркеу және жеке тіркеу нөмірі алу үшін: 8 (727) 355-50-01 (внутр.210,216,217,218,219,221,224,226,227,228,229,231,232,233,234,235,236). Жұмыс уақыты: пн.-пт., 9.00-18.30, түскі ұзіліс 13.00-14.00
Конкурстық өтінімдер электрондық түрде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне жобаның ғылыми жетекшісі мен мәлімдеушінің электрондық цифрлы қолтаңбасымен расталған ҰОМҒТЭ АҚ ақпараттық жүйесі арқылы сілтеме бойынша беріледі.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 45 (қырық бес) күнтізбелік күннен кешіктірілмей беріледі.