6 шілде 2023 2424

2023 жылы Астана күнімен Ректордың құттықтауы

2023 жылы Астана күнімен Ректордың құттықтауы

Құрметті әріптестер, докторанттар, магистранттар, студенттер!

Бүгін – Қазақстанның Астанасы күні мерекесі! Бұл – біздің еліміздің өркендеуі мен гүлденуіне дәлел бола алатын ерекше мереке!

Бұл – біздің жеткен жетістіктеріміз бен іске асырылған жобаларымызды абыроймен еске алатын күн. Астана секілді біздің университет ұжымы да батыл және озық идеяларды іске асыруға тырысып, жаңа биіктерге ұмтылуда. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, табандылықтарыңыз бен әрдайым жаңа жетістіктерге ұмтылысыңыз инновациялық идеяларды іске асыруға және кәсіби мамандардың білікті ұрпағын даярлауға көмектесіп келеді.

Сіздерді осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Астана күні мерекесі әрқайсымызға жаңа белестерге жол ашып, алдағы табысты еңбек үшін жаңа мүмкіндіктер сыйласын!

Ізгі ниетпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту