2023 жылы Қазақстан халқының бірлігі күнімен Ректордың құттықтауы!
Қымбатты студенттер және оқытушылар! Құрметті әріптестер!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке өмірдің барлық саласындағы өзара келісім мен бірліктің маңыздылығына арналған. Ал зерттеу университеті үшін бұл мереке өте маңызды, өйткені әртүрлі мәдениеттердің бір-біріне ықпалы мен өзара пікір алмасу – ғылыми шығармашылық пен жаңалықтар ашудың негізі болып табылады.
Тұрақтылық пен өзара келісім – біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің негізі, олар бізге жаңашыл, жасампаз және көшбасшы болуға мүмкіндік береді. Тек тұрақтылық қана саналы мемлекет құруға көмектеседі, ал өзара бірлік түбінде табысқа әкеледі. Осы маңызды ақиқатты түсіну біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен келісімді сақтауға ықпал етеді.
Мереке күні сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, жемісті еңбек пен мол табыс тілеймін!
Игі тілекпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев