6 мамыр 2024 2212

2024 жылғы Отан қорғаушылар күнімен ректор құттықтауы

2024 жылғы Отан қорғаушылар күнімен ректор құттықтауы

Қымбатты әріптестер, студенттер, Әскери іс институтының офицерлері мен курсанттары!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отанды сүю, бейбітшілікті сақтау, Отанды, халқымызды қорғау – бізге ата-бабамыздан қалған даңқты әскери дәстүрдің жалғасы екені сөзсіз.

Бүгін біз әскер қатарында абыроймен қызмет етіп, рухы сынбай, күн сайын қажымас қайрат көрсетіп жүрген жауынгерлерді құрметке бөлейміз. Біздің жауынгерлер ең жоғары құрмет пен абыройға лайық. Ел басына күн түсіп, қызыл су тұтас облыстарды басқан кезде біздің әскер барша халықпен бірге қиыншылыққа төтеп беріп, зардап шеккендерге көмекке келді. Осындай қиын да ардақты қызметтеріңіз үшін Сіздерге мың алғыс!

Барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтай отырып, әр отбасына аманшылық, бақ-береке және ашық аспан тілеймін!

Мереке құтты болсын, қымбатты Отан қорғаушылар!

Құрметпен,
Сәтбаев Университетінің ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту