6 мамыр 2024 2194

2024 жылғы Жеңіс күнімен ректор құттықтауы

2024 жылғы Жеңіс күнімен ректор құттықтауы

Құрметті әріптестер, студенттер мен ата-аналар! Қымбатты ардагерлер!

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жыл сайын 9 мамыр күні біз қан майданда шайқасқан және жау тылында армияны қажеттінің бәрімен қамтамасыз ету үшін жанқиярлықпен еңбек еткен ардагерлердің ерлігін еске алып, оларды құрметтейміз. Олардың батылдығы, қайсарлығы және теңдесі жоқ ерлігі бүкіл әлемді өзіне бағындырғысы келген фашизмді жеңуге көмектесті. Біз ұрыс даласында қаза тапқан жандарды еске алып, Отанымызды қорғау үшін өз өмірін құрбан еткен батырлардың есімін ардақтаймыз.

Біз соғыс дәуірінің ұрпақтарына мәңгілік қарыздармыз. Өйткені солардың ерлігі мен қайсарлығының арқасында қазір біз бейбіт елде өмір сүріп, өз ұрпағымыздың жарқын болашағын құру үстіндеміз.

Құрметті достар, Жеңіс күні құтты болсын! Баршаңызға ұзақ ғұмыр, көтеріңкі көңіл-күй, бейбітшілік пен аманшылық тілеймін! Бұл мереке еліміз үшін және ардагерлеріміздің ерлігі үшін әрқашан жүрегімізді мақтаныш сезіміне бөлесін!

Құрметпен,
Сәтбаев Университетінің ректоры
ейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту