Ақпарат:

7 наурыз 2025 1390

2025 жылғы 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен!

2025 жылғы 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен!

Сәтбаев университетінің құрметті арулары, ғылым мен білім саласының аяулы ханымдары!

Сіздерді көктемнің ең тамаша мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйелдер қашан да мейірімділіктің, даналық пен жасампаздықтың символы болып қала береді. Олар ғылым мен білімнің дамуына, қоғам өмірінің барлық саласына орасан зор үлес қосуда.

Сәтбаев университеті өз қабырғасында дарынды әйелдер жұмыс істеп, мақсаттарына ұмтылған талантты студент қыздар білім алып жүргенін мақтан тұтады, өйткені сіздердің білімдеріңіз бен табанды еңбектеріңіз Қазақстан инженериясының, ғылымы мен технологиясының болашағын айқындайды. Сіздердің кәсіби біліктілігіңіз бен адал қызметтеріңіз бізге алға қарай жылжуға көмектессе, жеткен жетістіктеріңіз барлығына үлгі болып, шабыт сыйлайды.

Мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, отбасына аманшылық, ал еңбекте жаңа жетістіктер тілеймін! Әр күн сіздерге ыстық сезімге толы қуаныш пен бақыт, жаңа табыс, жаңа идея әкелсін!

8 Наурыз құтты болсын!

Құрметпен,
Сәтбаев университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту