Ақпарат:

6 мамыр 2025 352

2025 жылғы Отан қорғаушылар күнімен ректор құттықтауы

2025 жылғы Отан қорғаушылар күнімен ректор құттықтауы

Құрметті әріптестер, студенттер мен офицерлер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн Отаны мен жақындарын, туған-туыстарын кез келген уақытта қорғауға дайын тұратын барлық азаматты біріктіреді. Бұл – абырой мен қайраттылық мерекесі. Мұндай қасиеттер адам бойына тек майдан даласында ғана емес, күнделікті жұмыста, оқуда өз ісіне адал қызмет етумен дариды.

Құрметті Отан қорғаушылар! Сіздердің азаматтық борышқа деген адалдықтарыңыз бен патриоттық сезімдеріңіз үшін шынайы алғыс білдіреміз! Аға буынның даңқты дәстүрлерін жалғастырып, бейбітшілік пен әділдікті қорғауға дайын болғандарыңыз үшін біз сіздерді әрқашан мақтан тұтамыз. Қуатты Армия – қуатты Қазақстан белгісі!

Құрметпен,
Сәтбаев университетінің ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту