Ақпарат:

6 наурыз 2026 99

2026 жылғы 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

2026 жылғы 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер! Қадірлі арулар!

Сіздерді 8 Наурыз мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн бүкіл әлемде тең құқық пен әлеуметтік әділеттікке ұмтылыстың символына айналып отыр. Сондай-ақ бұл мереке шуақты көктемнің басталғанын білдіріп, жүректерге ерекше қуаныш пен жылулық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Сіздердің таланттарыңыз, кәсіби біліктіктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен қамқорлықтарыңыз оқу орнында жаңа білім қалыптастыруға, кәсіби маман әрі патриотты ұрпақ тәрбиелеуге үлкен үлес қосып келеді. Сіздердің арқаларыңызда бүкіл әлем даналық пен мейірімге толса, айналамыз игілік пен ізгілікке толады.

Осы шуақты мереке күндері Сіздерге зор денсаулық, отбасына аманшылық, барлық жаңа істеріңізге шабыт пен табыс тілеймін! Жақын жандарыңыз әрдайым қастарыңызда болып, өмірде қуаныш пен шаттық, жағымды жаңалықтар көп болсын!

Құрметпен,
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту