Ақпарат:

10 сәуір 2026 977

2026 жылғы қабылдауға БМЕ өтінімдер 11 сәуірде қабылдана бастайды

2026 жылғы қабылдауға БМЕ өтінімдер 11 сәуірде қабылдана бастайды

Негізгі ҰБТ-ға өтініш беру 2026 жылғы 11-25 сәуір аралығында www.app.testcenter.kz сайты және UTO.kz қосымшасы арқылы жүргізіледі.

Маңызды (осы даталарды жаттап алыңыздар):

  • 11-16 сәуір аралығында ҰБТ-ға бір рет өтініш беру;
  • 17-25 сәуір аралығында бір немесе екі рет өтініш беру қолжетімді болады.

ҰБТ өткізу мерзімі: 2026 жылғы 10 мамыр – 10 шілде.

Тестіленушілер ҰБТ-ға өтініш беру кезінде ұсынылған тестілеудің өту пунктін, күнін және уақытын өздері таңдайды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде сіз тестілеуді 2 рет тапсырып, екі сертификатыңыздың біреуімен (өз қалауыңыз бойынша) грант конкурсына қатыса аласыз немесе ақылы оқуға түсе аласыз.

Негізгі ҰБТ-ға қатыса алады:

  • орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
  • шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;
  • өткен жылғы мектеп және колледж түлектері;
  • ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар (қандастар);
  • шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары).

Ағымдағы (2026) жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту