8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!
Қымбатты арулар мен сұлу бикештер!
Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Көңілді көктемнің тамаша мерекесі әрқашан да сұлулық пен махаббатты және әйелдердің мүмкіндіктері мен жетістіктерін дәріптейді. Жақын арада біз әйелдердің ашқан жаңалықтарына куәгер болатынымызға сенімдімін. Өйткені сіздердің әрқайсыңыз шығармашылық және кәсіби тұрғыда өз талантыңызды жан-жақты ашу үшін, университетіміз барлық жағдайды жасай бермек.
Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасына аманшылық тілеймін! Барлық арман-мақсаттарыңыз орындала берсін!
Ізгі тілекпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев