6 наурыз 2020 4019

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Сәтбаев Университетінің Ректоры Искандер БейсембетовСәтбаев Университетінің құрметті арулары мен әйелдер қауымы!

Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Сіздер әрқашан жасампаздық жолындағы игі бастамаларға шабыт беріп, рухтандырып отырасыздар. Сіздерден тарайтын күш-жігер, ыстық ықыластарыңыз қашан да жаңа жетістіктерге жетуге жетелейді.

Көктемнің шуақты да шырайлы мерекесімен құттықтай отырып, Сіздерге жаңа табыс, жаңа бақыт тілеймін! Бәріміздің атқарып отырған ортақ ісімізге қосқан үлестеріңіз көбейіп, арта берсін!

Мерекелік көңіл-күй мен тамаша сәттіліктер Сіздерге серік болсын!

 

Ізгі тілекпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту