28 ақпан 2024 3416

8 наурыз мерекесіне арналған «XX – XXI ғғ. ұлы және атақты әйелдері» атты баяндамалар байқауына қатысуға шақырамыз!

8 наурыз мерекесіне арналған «XX – XXI ғғ. ұлы және атақты әйелдері» атты баяндамалар байқауына қатысуға шақырамыз!

2024 жылдың 2 наурызында сағат 14:00-де Сәтбаев университеті, коворкинг орталығында Е.А.Түркебаев атындағы Жобаларды басқару Институтының «Шет тілдер» кафедрасы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шара – қоғам дамуына зор үлесін қосқан атақты әйелдер туралы баяндамалар байқауын өткізуде.

Байқау 20-21 ғасырлардағы ұлы әйелдерге арналған және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге орайластырылған. Байқауға ағылшын тілінің барлық деңгейдегі студенттері өздерінің презентация және сөйлеу дағдыларын жетілдіру үшін қатысады.

Бірінші курс студенттері болашақ ұрпаққа шабыт беру үшін ашқан жаңалықтары әлемді өзгерткен өткен ғасырлардағы ұлы әйелдер туралы әңгімелейді. Бұл байқау өз заманының қиындығын еңсеріп қана қоймай, әлеуметтік, мәдени және ғылыми салаларға елеулі үлес қосқан әйелдерге деген құрмет болмақ.

Көптеген презентацияларда өмірін зерттеуге арнаған ғалым-әйелдердің еңбектері талқыланады. Олардың әңгімелері әрбір әйелдің инновациялық үдерістің бір бөлігі бола алатынын және әрбір ғалымның қосқан үлесі болашақ ұрпаққа мұра болатынын атап көрсетеді.

Сіздерді студенттерге қолдау көрсетуге немесе байқауға қатысуға шақырамыз.

 

Байқауды Е.А.Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институтының шет тілдері кафедрасы ұйымдастырады.

Байқау коворкинг 265 ГМК-да сағат 14:00-де өтеді.

Қосымша ақпарат алу немесе қатысу үшін ағылшын тілі мұғалімдеріне хабарласыңыз.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту