13 маусым 2024 1884

ACeSYRI Summer School аяқталды

ACeSYRI Summer School аяқталды

2024 жылдын 10-11 маусымында "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" КЕАҚ-да (Satbayev University) ACeSYRI Summer School болып өтті.

Acesyri Erasmus+ жобасы аясында жыл сайын ұйымдастырылатын ACESYRI Summer School қазақстандық және еуропалық университеттердің студенттері, зерттеушілері мен оқытушылары арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың инновациялық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Жазғы мектептің маңызды оқиғаларының бірі ACESYRI Workshop болды, онда қатысушылар ғалымдардың, докторанттардың және магистранттардың презентацияларын, сондай-ақ жасанды интеллект және машиналық оқыту тақырыптары бойынша баяндамаларды тыңдай алды. Жас ғалымдар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, машиналық оқыту мен жасанды интеллектті қолданудың әртүрлі аспектілерін, сондай-ақ олардың қоғам өміріне әсерін талқылады.

ACeSYRI Summer School жас зерттеушілерді ғылыми алмасу, оқыту және дамыту үшін маңызды алаң ретінде өзінің маңыздылығын көрсетуді жалғастыруда. Қатысушылар ең өзекті тақырыптарды талқылап, өз зерттеулерін ұсынып, тәжірибелі әріптестерінен құнды кеңестер ала алды. Секциялық отырыстар аясында машиналық оқыту, лингвистика және басқа да ғылыми пәндер саласындағы өзекті мәселелер мен сын-қатерлер талқыланды.

Ұйымдастырушылар конференцияның басты мақсаты академиялық ынтымақтастық пен білім алмасуды ынталандыру, сондай - ақ ғылыми жетістіктерге ұмтылатын дарынды жас ғалымдар мен студенттерді қолдау екенін атап өтті. Олар бұл мақсаттарға сәтті қол жеткізілгеніне және ACeSYRI конференциясы ғылыми қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосатынына сенім білдірді.

ACeSYRI Summer School

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту