30 наурыз 2018 9584

А.Ф.Никишинді еске алуға арналған баскетбол турнирі

А.Ф.Никишинді еске алуға арналған баскетбол турнирі

Құрметті түлектер, баскетбол ойынын сүйер қауым! Университеттің спорт клубы сіздерді Политех қабырғасында 42 жыл бойы еселі еңбек етіп, атағы мен есімін аңызға айналдырған әйгілі баскетболшы А.Ф.Никишинді (1943–2013) еске алуға арналған, дәстүрлі түрде өтетін баскетбол турниріне қатысуға шақырады. Турнир 8 сәуір күні сағат 11.00-де спортзалда басталады (ТКМ).

А.Ф.Никишинді еске алуға арналған баскетбол турнирі Политехта жыл сайын өткізіледі. Атақты баскетболшы, тренер А.Ф. Никишин «КСРО жоғары мектебінің үздігі» атанып, КСРО мен Қазақстан спортының көптеген шеберлерін тәрбиелеп шығарған. Ұстаздық қызметке кеткенге дейін ол алматылық «Локомотив» командасының құрамында ойнап, талай-талай чемпионаттар мен спартакиадаларға қатысты.

Аталмыш турнирге университет түлектері мен Никишиндердің баскетболшы әулеті шақырылды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту