16 мамыр 2018 14585

«Ағылшын тілі апталығы»

«Ағылшын тілі апталығы»

2018 жылдың 16-20 сәуірінде Сәтбаев университетінің ағылшын тілі кафедрасының ұйымдастыруымен «Ағылшын тілі апталығы» өткізілді. Апталықтың мақсаты студенттер мен қызметкерлердің ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығын және шығармашылық қабілеттерін арттыру, оларды шетел мәдениетімен таныстыру болып табылды. Бұл шара ағылшын тілін меңгеруді алға қойып отырған  Елбасының «Болашаққка бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Апталықтың ашылу салтанаты 16-сәуірде өткізілді. Шарада Сәтбаев университетінің академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Искаков Р.М., Базалық білім беру институтының директоры Саренова А.С. және ағылшын тілі кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Турлыбекова А.О. өз құттықтау сөздерін айтты. Сонымен қатар, «Alpha Academy» орталығының өкілдеріне сөз берілді, олар аталмыш шараның қатысушыларын өз орталықтарында бір ай тегін білім алуға мүмкіндік беретін 30    сертификатпен  қамтамасыз етті. Салтанатты ашылу кезінде студенттер мен мұғалімдердің флешмоб билегені шараны қызықты ете түсті. Содан соң, барлық қатысушылар мен көрермендер ойындар ойнап, караокемен ағылшын тілінде ән айтып сыйлықтарға ие болды.

«Ағылшын тілі апталығы»

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту