Ақпарат:

19 қыркүйек 2024 2071

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша City University of Hong Kong-да оқуға құжаттарды қабылдау ашылды (2024-2025 көктемгі семестр)

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша City University of Hong Kong-да оқуға құжаттарды қабылдау ашылды (2024-2025 көктемгі семестр)

Құрметті бакалавриат  студенттері!

Халықаралық ынтымақтастық Кеңсесі 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша City University of Hong Kong (Гонг Конг) университетінде оқуға құжаттарды қабылдау ашық деп жариялайды! 

Орын саны: 5

Құжаттар:

  • CV,
  • ағылшын тіліндегі мотивациялық хат,
  • ағылшын және орыс тілдеріндегі транскрипт,
  • IELTS (минимум 6.5) TOEFL (минимум 79) немесе HSK 6
  • GPA ( минимум 3.0)

Оқу мерзімі: көктемгі семестр 2025 жылғы 13 қаңтар — 2025 жылғы 14 мамыр.

Барлық шығындар студенттің өз қаражаты есебінен жабылады!

Шығындар:

  • Студенттік виза/кіру рұқсатын алу үшін административтік  өтініш берген кезде әкімшілік алымды төлеу міндетті: 600 ГК доллары (қайтарылмайды).
  • Жатақханада тұру: 11450 ГК доллары/ семестр (2 орындық бөлме), 22900 ГК доллары/ семестр (1 орындық бөлме).
  • Пәтерді жалға алу:  25000-30000  ГК доллары/ семестр (коммуналдық төлемдер мен интернет төлемдерін есептемегенде).
  • Тамақтану, тұрмыстық заттар, кітаптар, кеңсе тауарлары және т.б.: 25000 ГК доллары/ семестр.

Курстар тізімі және несие сәйкестігі

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2024 жылғы 1 қазан.

Барлық сұрақтар бойынша халықаралық ынтымақтастық кеңсесіне хабарласуға болады, 302 МҒ, +7 727 292 90 19.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту