Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелде оқу конкурсы
Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия және АҚШ елдерінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 1–2-курс бакалаврларына шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарын қабылдау ашық деп жарияланады. Құжаттар қабылдаудың соңғы күні – 2019 жылдың 11 ақпаны.
Бағдарлама мына шығындарды қамтиды:
- самолетпен ұшып бару-келу (эконом-класс);
- жатақханада тұру (120 дней);
- медициналық сақтандыру;
- консулдық шығындар.
Конкурсқа мемлекеттік оқу гранты және келісім-шарт негізінде оқитын барлық 1-2 курс студенттері қатыса алады.
Студенттер келесі құжаттарды тапсырулары керек:
- Шетелдік төлқұжаттың түрлі-түсті көшірмесі;
- Медициналық анықтама №082/у (шетелге шығушыларға арналған);
- Оқу үлгерімі жайындағы транскрипт;
- IELTS немесе TOEFL сертификаты (PDT есепке алынады);
- 18 жасқа толмаған үміткерлер үшін ата-аналардың/қамқоршылардың/ заңды өкілдердің жазбаша келісімі.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда оларды толық тапсырғанға дейін ХЫБ құжаттарды қабылдамайды.
Келесі категориялар бойынша оқуға үміткерлер:
- жетімдер;
- көп балалы отбасынан шыққан;
- мүгедек.
Студенттер осы жағдайды растайтын құжаттарын тапсыруы тиіс. Үміткерлерді іріктеу кезінде бірдей ұпай алған жағдайда жетім студенттер, мүгедектер, көп балалы отбасынан шыққандарға артықшылық беріледі.
Іріктеу кезеңінде қосымша ұпайлар жинау үшін студенттер төмендегі құжаттарды тапсыра алады: Куәліктер, сертификаттар, алғыс хаттардың (мамандығы бойынша) нотариалды куәландырылған және мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған көшірмелері. Құжаттардың толық пакеті Халықаралық ынтымақтастық бөліміне (Мұнай-газ корпусы, 903-каб.) 2019 жылдың 11 ақпанына дейін тапсырылуы тиіс.