2 ақпан 2024 1766

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде 1-2 курс студенттерін шетелде оқуға шақырамыз

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде 1-2 курс студенттерін шетелде оқуға шақырамыз

Құрметті Сәтбаев университетінің 1-2 курс студенттері!

Халықаралық білім беру бағдарламалары бөлімі 2024-2025 оқу жылының күзгі семестр кезеңіне ҚР Ғылым және Жоғарғы білім министрлігінің академиялық ұтқырлық бағдарламасына құжаттарды қабылдау ашық екенін хабарлайды.

Бағдарлама келесі шығындарды қамтиды:
• тұрғын үй / жатақхана шығындары;
• виза шығындары;
• медициналық сақтандыру;
• жол жүру шығындары.

Академиялық жыл: 2024-2025 жж.

Семестр: күзгі

Қажетті құжаттар тізімі:
1. Қазақ және ағылшын тілдерінде түйіндеме;
2. Ағылшын тілінен сертификат (IELTS / Duolingo English Test);
3. Ресми транскрипт екі тілде – ағылшын және орыс тілдерінде;

4. ЖОО-дағы жетістіктер мен белсенділіктер (сертификаттар).

Ағылшын тілін білу деңгейі B2 немесе одан жоғары болуы керек, GPA 2.67-ден төмен емес.

Дедлайн: 2024 жылдың 31 наурызы.

Қажетті құжаттарды Халықаралық білім беру бағдарламалары бөліміне келіп тапсыра аласыз.
Барлық сұрақтар бойынша Тіркеу кеңсесі, Бас оқу ғимараты, 1 – қабат, Халықаралық білім беру бағдарламалары бөліміне келіп сұрай аласыз. Байланыс телефондары: +7 727 292 90 19.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту