«Ақпараттық қауіпсіздік коды» конференциясына профессорлы-оқытушы құрамы мен студенттерінің қатысуы
Дүние жүзі бойынша 6 мемлекет және 27 қалада өтетін «Ақпараттық қауіпсіздік коды» конференциясы 2018 жылы 1 ақпанда Алматы қаласында да өтті. Оған киберқауіпсіздік саласының мамандары мен сарапшылар қатысты. Сарапшылар ретінде Қорғаныс және аэрокосмостық өндіріс министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік бойынша комитетінің төраға орынбасары Руслан Абдикалыков, Арман Абдрасилов (ЦАРКА, Астана) және Виктор Покусов (АҚ Қазақстандық ассоциациясы, Алматы) қатысты. «Технологиялар» бөлімінде ESET, SearchInform, StaffCop секілді жетекші компаниялар өздерінің АҚ шешімдерін ұсынды. Секцияны Евгений Климов жүргізді, ал оның баяндамасында мақсатты шабуылдар мен вирустардан қалай қорғайтыны туралы айтылды. Соңғы бөлім «АҚ кодының оңдығы» болды. Аудиториядан көптеген сұрақтар қойылып, кеңестер мен сөйлеушілердің пікірлері, тәжірибе алмасуы, негізгі АҚ проблемаларының Алматыдағы АҚ-қауымдастығы ұсынған нұсқасы және оларды шешу жолдары ұсынылды. Конференция АҚ мамандарына көкейкесті мәселелерді шешуге ғана емес, сондай-ақ Қазақстан АҚ мүддесі аясында мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктің перспективасын қалыптастыруға көмектесті.
Мұндай іс-шараларға қатысу «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының студенттері мен оқытушылары үшін үлкен практикалық маңызға ие және АҚ саласындағы өндірістік компаниялармен алдағы уақыттағы серіктестікті нығайтуға, сондай-ақ студенттердің жұмысқа орналасуына үлкен мүмкіндік береді.