Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығының студенттеріғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты
26 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекаралық қызмет академиясында жоғары оқу орындары арасында «Курсанттардың ғылыми шығармашылығында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету теориясы мен практикасының дамуы» атты тақырыпта ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Алматы қаласының 10-нан астам ЖОО-ы мен қоса ҰҚК Шекара Қызметі Академиясы, ҰҚК Академиясы, РЭжБӘИИ қатысты.
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының 3-курс студенттері Жумагалиев Алихан мен Қабдыкәрім Диас осы конференцияның «Ақпараттық қауіпсіздік» секциясына Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ атынан қатысып, өздерінің ғылыми баяндамаларын оқыды. Олардың жұмыстары жоғары бағаланды. Аталған секцияда Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарындағы ақпаратты қорғау және еліміздегі киберқылмыспен күрес мәселелері талқыланды. Конференция нәтижесі бойынша Қабдыкәрім Диас баяндамасы бірінші орынға ие болса, Жумагалиев Алихан баяндамасы «Тәжірибелік маңыздылығы үшін»атты номинациясы дипломымен марапатталды. Ғылыми жетекшілері – «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының лекторы Зиро Аасо Араз және кафедра ассистенттері Иманбаев Аазамат Жанатұлы, Жаманкулова Арай Абушариповна.
«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының студенттері үшін осындай іс-шараларға қатысу кафедраның ұлттық қауіпсіздік органдарымен ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға және түлектерді жұмысқа орналастыруға мүмкіндіктер береді.