«Ақпараттық Технологиялар, Менеджмент және Қоғам» конференция өткізілді
5 мамыр күні Сәтбаев Университетінде кезекті «Ақпараттық Технологиялар, Менеджмент және Қоғам» (IT&M2020) халықаралық ғылыми конференциясының қазақстандық секциясы өткізілді
Халықаралық конференция Рига (23-24 сәуір, 2020, ISMA, Рига, Латвия) және Алматы (05 5 мамыр, 2020, Satbayev University, Алматы, Қазақстан) қалаларында өткізілді. Қазақстандық секция Кибернетика және ақпараттық технологиялар институтымен ұйымдастырылды және өткізілді (секция жетекшісі – Бағдарламалық инженерия кафедрасының профессоры Мухамедиев Р.И.).
Конференция жұмысына халықаралық ғылыми топ келесі құрамда ат салысты:
- Левашенко В. (Жилин Университетінің профессоры, Жилин, Словакия)
- Киселева С.В. (ВИЭ лабораториясы СНС, МГУ, Москва, Ресей)
- Никульчев Е.В. (Ресей технологиялық университетінің профессоры, Ресей білім академиясының деректерді өңдеу орталығының бас аналитигі, Москва, Ресей)
- Барахнин В.Б. (НГУ профессоры, ВНС ИВТ СО РАН, Новосибирск, Ресей)
- Гопеенко В.И. (ИСМА профессоры, Рига, Латвия)
- Соколов Д.В. (Лотарингии Университетінің профессоры, Нанси, Франция)
- Мусабаев Р.Р. (ГНС ИИВТ МОН РК, Алматы, Қазақстан)
- Амиргалиев Е.Н. (ГНС ИИВТ МОН РК, Алматы, Қазақстан)
- Сейлова Н.А. (SU, КжАҚИ директоры, Алматы, Қазақстан)
- Юнусов Р. (SU, ПИ кафедрасының жетекшісі)
- Кучин Я.И. (ҚР БҒМ АЕТИ СНС, Алматы, Қазақстан)
Конференция халықаралық ACeSYRI (Erasmus+) жобасының қолдауымен жүргізілді, ол Сәтбаев университетінің қатысушысы болып табылатын жас ғалымдарды дайындауға арналған халықаралық орталықты құруға бағытталған.
Конференция жұмысының бағдарламасы
IT&M2020 конференциясының аймағында жас ғалымдар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың әртүрлі аспектілерін және олардың қоғам өміріне әсерін талқылады. Конференция жұмысы үш секция бойынша жүргізілді:
- Бағдарламалық және аппараттық қамтамасыздандыру;
- Табиғи тілді өңдеу және компьютерлік көру;
- Қолданбалы зерттеулерде деректерді талдау.
Ақпараттық Технологиялар, Менеджмент және Қоғам» (IT&M2020)» конференциясына 19 ғылыми мақала келіп түсті, әрі барлық мақалалар онлайн-форматта тыңдалды.
Халықаралық ғылыми топтың отырысының нәтижелері бойынша келесі мақалалар жоғары бағаланды:
- Some possible directions of improving quality of logging data interpretation using machine learning, қорғаушы Кучин Я.И.
- Intelligent unmanned aerial vehicle technologies, қорғаушы Асанов И.
- Digital pseudo random pulse train hardware generator, қорғаушы Амантай Д.
- Dynamic topic modelling, қорғаушылар Якунин Кирилл, Мурзахметов Санжар.
Сәтбаев универсиетінің басшылығы жас ғалымдардың дамуына маңызды үлес қосқаны үшін халықаралық ғылыми топқа ерекше алғыс білдіреді және конференцияның барлық қатысушыларына шығармашылық табыстар тілейді.