Ақпарат:

11 желтоқсан 2018 5626

Алматы қаласында Атом өнеркәсібі халықаралық білім беру орталығының (АӨХБО) алғашқы түлектеріне дипломдар табысталды

Алматы қаласында Атом өнеркәсібі халықаралық білім беру орталығының (АӨХБО) алғашқы түлектеріне дипломдар табысталды

7 желтоқсан күні Алматы қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ арасында жасалған Бас келісім-шарт шеңберінде магистр дипломын табыстау салтанаты ресми түрде өтті.

АӨХБО дипломдары бейінді магистратураның 30 түлегіне «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Автоматтандыру және басқару», «Геологиялық түcірілім, пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу жэне барлау» секілді мамандықтары бойынша  табысталды.

АӨХБО – еліміздің және шетелдердің атом өнеркәсібі саласына қажетті жоғары білікті мамандар даярлайтын Қазақстандағы алғашқы және бірден-бір оқу орталығы. Магистранттарды даярлаудан бөлек, орталықта ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізіледі, ғылыми-білім және оқу-әдістемелік құралдар әзірленеді, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ үшін мультимедиалық оқу материалдары әзірленеді. Бүгінде атом өнеркәсібінің бірегей білім базасы мен ғылыми-әдістемелік орталығы қалыптасты. Орталықтың ресми ашылу салтанаты 2017 жылдың 4 қыркүйегінде болған еді.

Іс-шара барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның өндіріс бойынша Бас директоры Марат Ниетбаев орталық қазірдің өзінде шетелден студенттерді қабылдауға дайын екендігін атап өтті: «Бүгінгі магистранттар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелдер де сұранысқа ие болып отыр, өйткені олар халықаралық деңгейде білім алды, ал біздің еліміз жерастылық ұңғыма арқылы шаймалау технологиясы бойынша басқаларға қарағанда әлдеқайда алда келеді. Сонымен қатар АӨХБО түлектері – қызметте жоғарылау және одан әрі мансаптық өсу үшін алғашқы үміткерлер екенін атап өткен жөн».

Өз кезегінде Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың (қазіргі Сәтбаев университетінің) ректоры Искандер Бейсембетов неліктен Сәтбаев университеті  АӨХБО құрудың негізі болып табылатындығын түсіндірді: «Ядролық өндірістің барлық тізбегін құрайтын ғылымдарды түбегейлі білмей, жоғары білікті мамандарды даярлау мүмкін емес. Университет көп салалы, үлкен техникалық базаға, бірегей білімді білікті мамандарға ие болғандықтан, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы бізді таңдады. Сондықтан біз өз мамандарымызға ғана емес, сонымен қатар шетел азаматтарына да қызықты болатын халықаралық орталық құрдық. Өнеркәсіп үшін көп энергия тұтынатын біраз елдер көмір, газ және табиғи ресурстардан атом энергетикасына ауысуға ұмтылуда. Осыған байланысты атом өнеркәсібі саласындағы білімге деген қажеттілік жоғары, мамандар бүкіл әлемде сұранысқа ие болып отыр, ал уранды пайдалану жөнінен тәжірибесі бар елдер көп емес. Сондықтан АӨХБО-ның болашағы зор екеніне біз сенімдіміз».

В Алматы вручили дипломы первым выпускникам Международного научно-образовательного центра атомной промышленности (МЕНОЦАП)

В Алматы вручили дипломы первым выпускникам Международного научно-образовательного центра атомной промышленности (МЕНОЦАП)

В Алматы вручили дипломы первым выпускникам Международного научно-образовательного центра атомной промышленности (МЕНОЦАП)

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту