Ақпарат:

12 желтоқсан 2025 447

Алматы қаласында Сәтбаев университетінің қатысумен II Халықаралық жас ғалымдар конгресі ашылды

Алматы қаласында Сәтбаев университетінің қатысумен II Халықаралық жас ғалымдар конгресі ашылды

2025 жылғы 11 желтоқсан күні Алматыдағы Ұлттық ғылым академиясында өткен II Халықаралық жас ғалымдар конгресіне қатысу үшін жас зерттеушілер жиналды. Конгресс ЮНЕСКО-ның «Сенім, өзгерістер және ертеңгі күн: 2050 жылға қажет ғылым» атты тақырыбына арналды. Ауқымды іс-шараға мектеп оқушыларын қоса алғанда, мыңнан астам жас зерттеушілер қатысты, ал Сәтбаев университеті ғылым мен технологияның болашағына қосқан өз үлесін көрсететін инновациялық әзірлемелерін көпшілік назарына ұсынды.

Конгресс пленарлық форумнан басталды. Оны форумның модераторы, Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев құттықтау сөзімен бастады. Ол академияның ұлттық ғылымды өнеркәсіп пен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланыста дамыту жөніндегі жұмысын және жастардың келесі буынын ғылымға тарту аса маңызды екенін атап өтті. Модератордың сөзін ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қолдай отырып, жастарды зерттеу жұмыстарына тарту – мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі екенін ерекше атап өтті. Тіпті балалар да әртүрлі гипотезалар ұсынып, инновациялық әзірлемелер жасау арқылы толыққанды ғалым бола алатынын ол баса айтты.

Конгресс жас ғалымдардың әлеуметтік және кәсіби өміріндегі негізгі сын-қатерлер талқыланған, шешімдер ұсынылған және ғылыми ортаны одан әрі дамытуға арналған ұсыныстар әзірленген алаңға айналды. Форум барысында жетекші шетелдік және отандық ғалымдар, беделді халықаралық сыйлықтардың лауреаттары, ЮНЕСКО-ның, мемлекеттік органдар мен ғылыми институттардың өкілдері сөз сөйлеп, баяндама жасады. Жас зерттеушілер жаратылыстану ғылымдары, ғарыш және коммуникациялар, агробиоресурстар, денсаулық сақтау, білім беру және азаматтық қоғам тақырыптары бойынша өткен конференцияларға қатысты. Сонымен қатар шеберлік сабақтары, воркшоптар және «2050 жылға қажет ғылым» атты форсайт-сессия ұйымдастырылды.

Ғылыми жетістіктер көрмесінде Сәтбаев университеті басқа да жобалармен бірге Алексей Оксененконың жетекшілігімен әзірленген «Дәлме-дәл егіншілікке арналған интеллектуалды ұшқышсыз ұшу жүйелері» жобасымен таныстырды. Бұл технология 2050 жылға қарай әлем халқының саны өседі деп болжанып отырған жағдайда Қазақстанның аграрлық секторында өнімділікті арттыру ісіне бағытталған. Жоба егіс алқаптарына дәлме-дәл мониторинг жүргізуге, ресурстарды оңтайлы пайдалануға, өнімділікті және экономикалық тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай шешімдер агрохолдингтерде, фермерлік шаруашылықтарда және кешенді агроөнеркәсіпгі орындарында жоғары сұранысқа ие болып, Қазақстан АӨК-ін 2030 жылға дейінгі дамыту мақсаттарын қолдайды.

Еліміздегі жетекші техникалық университет және инновациялар орталығы болып табылатын Сәтбаев университеті өз әзірлемелерінің маңыздылығын және Қазақстан ғылымының болашағын қалыптастыруға қосқан үлесін тағы бір рет дәлелдеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту