Алматы жастарына арналған жаңа онлайн-курстар іске қосылды

Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы мен Influencers компаниясы бірлесіп, jas.almaty.kz платформасында және Telegram-бот арқылы жаңа цифрлық білім беру жобасын іске қосты. Жоба жастардың жеке және кәсіби дамуына қажетті икемді дағдыларды (soft skills) қалыптастыруға бағытталған.
Курстар мына бағыттарды қамтиды:
- SMART-мақсаттар қою
- Тайм-менеджмент және жоспарлау
- Пайдалы әдеттерді қалыптастыру
- Назарды шоғырландыру және өзін-өзі ұйымдастыру
Курстар бейнематериалдардан, интерактивті тесттер мен практикалық тапсырмалардан тұрады. Оқыту тегін, және курс соңында электронды сертификат беріледі. Жобаның басты мақсаты — Алматы жастарына қолжетімді, сапалы әрі өзекті білім беру мүмкіндігін ұсыну. Бұл бастама студенттер мен оқытушыларға, сондай-ақ өзін-өзі дамытуға ұмтылатын барлық жастарға пайдалы болады.
Курстар jas.almaty.kz платформасында және Telegram-ботта қолжетімді: t.me/JasAlmatykzBot?start=SMM