Ақпарат:

21 ақпан 2025 239

Алматыдағы ауа мәселесін шешу үшін осы саланың мамандары Сәтбаев университетінде жиналды

Алматыдағы ауа мәселесін шешу үшін осы саланың мамандары Сәтбаев университетінде жиналды

Сәтбаев университетінде Almaty Air Initiative қорымен бірлесіп ұйымдастырылған «Алматыдағы таза ауа» атты зерттеу форсайт сессиясы өтті.

Алматы – осы аймақта ұзақ жылдар бойы лас ауаның өткір проблемасымен бетпе-бет келіп отырған туристік, білім беру және іскерлік орталығы болып табылады. Жиын барысында «Almaty Air Initiative» қорының атқарушы директоры Жұлдыз Сәулебекова өз сөзінде бұл мәселе тек ересектерге ғана емес, өскелең ұрпақтың болашағына да қатысты екенін атап өтті:

– Өткен жылы Алматы ауасындағы зиянды бөлшектердің мөлшері нормадан бес есеге артып кетті», – деді ол. – Ластанған ауа әсіресе қыста балалар үшін өте қауіпті. Біздің бақылауымыз бойынша, Алматыда тұратын әрбір бала қыс айында 70 темекіге тең келетін ластанған ауа жұтады екен. Қыста 200-ден астам темекі түтінімен тең келетін ластанған ауамен тыныстанған бес жасар баланы елестетіп көріңізші. Біз балаларды қорғауға тырысамыз, алайда олар бұл мәселеге күн сайын тап болады.

Сессия барысында inDrive негізін қалаушы және қордың негізін қалаған Арсен Томский құттықтау сөз сөйлеп, Сәтбаев университеті мен Almaty Air Initiative компаниясының Алматыдағы ауаны тазарту жөніндегі бастамасы осы мәселеге инженерлік-технологиялық көзқарас тұрғысынан қарау екенін атап өтті. Ғылым күшін пайдалану нақты жобалық идеяларды жасауға және кейіннен қалалық ортаны жүйелі түрде өзгертуге әкелуі керек.

Осы мақсатқа жету жолында ұйымдастырылған сессияға өндірістің әртүрлі салаларындағы мүдделі алматылық тұрғындар, ғылым, бизнес, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар өкілдері жиналды.

Сессия халықаралық Rapid Foresight әдістемесі бойынша өткізілді. Қатысушылар ауа сапасына ең көп әсер ететін урбанизм, көлік және энергетика мәселелерін талқылау үшін үш тақырыптық топқа бөлінді. Әр топ өз жобасын әзірлеп, оны барлық қатысушыларға таныстырды.

Сессия қорытындылары жол картасының мақсатына – Алматыда таза ауамен тыныстауға мүмкіндік жасау ісіне негіз болды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту