«АЛТЫН ГЕФЕСТ» – ҚазҰТЗУ-да
25 мамырда «AstanaMining & Metallurgy» сегізінші халықаралық конгрессте «Алтын Гефест-2017» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Айта кетейік, «Қазақстан Республикасының кен ісі мен металлургиясының үздігі» атағын алу үшін жүргізілген байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар жыл сайын берілетін 8 номинациядан тұратын ұлттық сыйлыққа ие болды.
«АЛТЫН ГЕФЕСТ» байқауының номинациялары:
- Жыл маманы:
- Жыл геологы
- Жыл кеншісі
- Жыл металлургы
2. Жыл жобасы
3. Инновациялар бойынша жыл үздігі
4. Қазақстандық мағына бойынша үздік
5. Жылдың ғалым-педагогы
6. Жылдың дипломдық жұмысы
7. Жылдың медиажобасы:
- ТКМК туралы баспасөз пен интернет-ресурстарда жарияланған ең үздік журналистік жұмыс;
- ТКМК туралы теледидарда көрсетілген ең үздік журналистік жұмыс;
- ТКМК-дегі еңбек адамы жайлы жазылған ең үздік журналистік материал (арнайы сыйақы).
8. Энергия үнемдеу саласындағы ең тиімді үздік шешім (байқаудың бас демеушісі – «ERG» атынан тағайындалған арнайы номинация).
«АЛТЫН ГЕФЕСТ» Республикалық байқауында «ЖЫЛДЫҢ ҒАЛЫМ-ПЕДАГОГЫ» номинациясы бойынша жеңімпаз атанғандар: т. ғ. д., «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының профессоры Леонид Крупник және т. ғ. к., Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың Ө. А. Байқоңыров атындағы Так-кен металлургия институты «Тау-кен ісі» кафедрасының меңгерушісі Қанай Рысбеков.