«Әрекет жасап, шектен асып шығыңыз!» – Есенов қорының өкілдері Сәтбаев университетінің студенттеріне арналған мүмкіндіктер туралы айтып берді

Сәтбаев университетінде Шахмадан Есенов атындағы қордың өкілдері студенттер мен кездесу өткізіп, болашақ инженерлерге беретін мүмкіндіктері туралы айтты және ол үшін өтінімді қалай дұрыс толтыру керектігін түсіндіріп, лайфхактармен және тәжірибелерімен бөлісті. Қонақтар студенттер қатыса алатын Есенов шәкіртақысы, Yessenov Launch Pad бағдарламасы және шетелдік университеттерде тағылымдамадан өту бағдарламасы секілді көптеген бағдарламалар мен тағылымдамалар туралы да айтты.
Қордың операциялық директоры Ирина Грищенко Сәтбаев Университетінен Yessenov Foundation бағдарламасына түсетін өтінімдердің сапасы дәстүрлі түрде өте жоғары екенін атап өтті:
— Қазіргі уақытта академик Шахмардан Есенов атындағы шәкіртақыға конкурс жүріп жатыр. Студенттер дұрыс шешім қабылдап, өз мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектесу үшін біз осындамыз. Біздің бағдарламаның жеңімпаздары қазір түлектердің арманына айналған компанияларда жұмыс істеп жүр.
Семинарға бағдарлама жеңімпаздары Айгүл Имадилдаева мен Аделина Мұхамедьярова қатысты, олар жеке тәжірибелерімен бөлісіп, бағдарламаға қатысу қаржылық жағынан неліктен тиімді екенін айтып берді және қатысушыларды белсенді түрде әрекет етуге шақырды. Олар екеуі де Сәтбаев университетінің бакалавриат дәрежесін бітіріп, өздері пайдаланған мүмкіндіктерді қазір осы Қор арқылы студенттердің жаңа буыны пайдалануына көмектесуде.
– Мен қазір SLB мұнай сервистік компаниясының ұңғымаларды сынау бөлімінде кен инженері болып жұмыс істеймін», – деді Аделина Мұхамедьярова. – Байқауда жеңіске жетіп, осында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алғаныма өте қуаныштымын. Айта кетейін, тағылымдама мен үшін өте оңай болды. Политехтің білім беру базасы өте жақсы, тамаша оқу бағдарламасы бар, дегенмен шектен асу әрқашан да пайдалы!
Шахмардан Есенов атындағы қор нақты және жаратылыстану ғылымдары саласы бойынша студенттер мен жас ғалымдарға белсенді түрде қолдау көрсетеді, әрі олардың біліктіліктерін шыңдап, білімдерін тереңдетеді, сөйтіп бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына ықпал етеді.
Сәтбаев Университеті жетекші қорлармен және ұйымдармен ынтымақтастық қарым-қатынасын белсенді түрде жалғастырып, өз студенттерінің кәсіби тұрғыда өсуі үшін сенімді платформа жасайды. Осындай қорлардың сарапшыларымен өтетін кездесулер арқылы университет студенттері жаңа мүмкіндіктер туралы біліп қана қоймай, олардың мүмкіндіктерін қалай пайдалану керектігі, сөйтіп керемет мансап құру туралы құнды кеңестер алады.
Академик Ш.Есенов атындағы шәкіртақы конкурсына құжаттарды 2025 жылғы 4 наурызға дейін тапсырыңыздар