Ақпарат:

19 ақпан 2026 925

Ашық есік күні Satbayev University мен Алматы облысының колледждерін біріктірді

Ашық есік күні Satbayev University мен Алматы облысының колледждерін біріктірді

Satbayev University мен Алматы облысының колледждері арасындағы ынтымақтастық келісімдерінің аясында М. Тынышпаев атындағы «Көлік инженериясы және логистика» мектебінде Ашық есік күні өтті. Оқушылар мен колледж өкілдері университеттің білім беру мүмкіндіктерімен және көлік инженериясы мен логистика саласындағы мамандарды дайындау перспективаларымен танысты.

Кездесу барысында мектеп жетекшісі Сейдулла Абдуллаев оқу бағдарламаларын таныстырды, даярлық бағыттары, ғылыми-білім беру қызметі және қабылдау шарттары туралы толық ақпарат берді. Қонақтар үшін университет музейіне экскурсия ұйымдастырылып, заманауи инновациялық зертханалар көрсетілді. Сонымен қатар, мұғалімдерге арналған «Автотранспорттағы гидравликалық және пневмосистемалар. Практикалық сабақтарды өткізуде Electude бағдарламасы мен виртуалды құралдарды қолдану» тақырыбында семинар өткізілді.

Қазақстан үшін көлік инженериясы және логистика саласында мамандар дайындау ерекше маңызды болып табылады, себебі бұл бәсекеге қабілетті және тұрақты логистикалық жүйені құруға, бизнестің өсуін қолдауға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және Қазақстанның жаһандық экономикалық процесстерге интеграциялануына ықпал етеді. Ашық есік сияқты шаралар жас мамандарға инженерлік саладағы өз жолын таңдауға және кәсіби дамуға ынталануға көмектеседі.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту