Әскери институтта ақылы оқу үшін өтініштерді ашық қабылдау
Сәтбаев университетінің Әскери істер институтында (әскери кафедрада) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша өтеулі негізде (ақылы) оқудың іріктеу конкурсына қатысу үшін студенттерден өтініштер қабылдау жүргізілуде.
Өтініштер оқудың күндізгі бөлімінде оқитын екінші курс студенттерінен, Қазақстан Республикасының жасы 25-тен аспаған азаматтарынан қабылданады. Өтініштерді қабылдау мерзімі 2019 жылғы қазанның 9-нан 12-не дейін.
Өзімен бірге болуы тиіс:
- Жеке куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
- Тіркеу куәлігі немесе әскери билеті (түпнұсқасы және көшірмесі);
- 3х4 өлшемді 2 (екі) фотосуреті;
- Ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де қамқорлығында жоқ екенін растайттын (бұндай жағдай болғанда) немесе қамқорлықты (қорғаншылықты) растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе көшірмесі;
- Сотталғанының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;
- Жеке ісін рәсімдеу үшін екі мөлдір файл.
Мекенжайы: Алматы қ., Байтұрсынұлы к-сі, 140 (Тимирязев көшесінің қиылысы). Сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: +7 (727) 292-24-27, 292-00-87.