Ақпарат:

2 ақпан 2024 18503

Әскери институттың запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау бағдарламаларына өтініштер қабылдау басталды

Әскери институттың запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау бағдарламаларына өтініштер қабылдау басталды

«Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КЕ АҚ Әскери істер институтында (әскери кафедрада) 2024 жылғы 1 ақпаннан

  • Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ,
  • ҚБТУ (Қазақстан-Британ техникалық университеті),
  • АЭжБУ (Алматы энергетика және байланыс университеті),
  • ҚазИТУ (Қазақ инженерлік-тхнологиялық университеті),
  • АТУ (Алматы технологиялық университеті),
  • ЕТУ (Еуразиялық технологиялық университеті),
  • KIMEP университеті,
  • ТҰРАН университеті

студенттерінен запастағы офицерлер және сержанттар бағдарламалары бойынша оқу үшін іріктеу конкурсына қатысуы үшін өтініштерді қабылдау жүргізіледі.

Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты: күн сайын сағат 9.00-ден       16.30 - ға дейін. Сенбі және жексенбі-демалыс күндері. Түскі үзіліс – 12.30 – 13.30 - ға дейін.

Оқуға конкурсты өткізетін жылы жасы 24-тен аспаған Қазақстан Республикасының азаматтарына (жігіттер және қыздар) рұқсат етіледі.

Қыздар запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша ғана білім алады.

Запастағы офицерлерді дайындау бағдарламасы бойынша оқуға іріктеу конкурсына қатысу үшін өтініштер бірінші курс (4 жылдық оқыту) және бірінші, екінші курс (5 жылдық оқыту) студенттерінен қабылданады.

Запастағы сержанттарды дайындау бағдарламасы бойынша оқуға іріктеу конкурсына қатысу үшін өтініштер бірінші және екінші курс студенттерінен (4 жылдық оқыту) және бірінші, екінші және үшінші курс студенттерінен (5 жылдық оқыту) қабылданады. Қысқартылған бағдарлама бойынша оқитын студенттер оқуға тек қана запастағы сержанттарды дайындау бағдарламасы бойынша қабылданады.

ҚБТУ, АЭжБУ, ХИТУ, АТУ, ЕТУ, КИМЭП , ТҰРАН университеті студенттерін запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша, сонымен қатар запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша оқыту теқ қана өтеулі негізде жүргізіледі.

Оқыту әскери күн әдісімен жүргізіледі, яғни аптасына бір күн. Запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша оқытудың мерзімі – 1 жыл; запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша – 2 жыл.

Мекенжайы: Алматы қ, Байтұрсынұлы к-сі, 140, (Тимирязев көшесінің қиылысы).

Конкурстық іріктеу төрт кезеңмен өткізіледі.

1-кезең – Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларында медициналық куәландырудан өту. Медициналық куәландырудан өту үшін көрсетілген мекенжайға келіп және медициналық куәландыруға жолдау қағазын және медициналық карта алу қажет, өзімен бірге болуы тиіс:

  1. Жеке куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
  2. 3х4 өлшемді 2 (екі) фотосуреті;
  3. Сотталғанының бар болуы немесе жоқ екендігі туралы анықтама;
  4. Студенттің ЖОО-да нақты оқитыны туралы, факультет деканымен қол қойылған анықтама.

Медициналық куәландыру Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларында әскери есепке алу орындары бойынша (бөтен қалалық студенттер уақытша тіркеу орны бойынша әскери есепке тұрулары тиіс). Медициналық куәландыру карталарын тапсырудың мерзімі 2024 жылғы 5-ші шілдеге дейін.

Өтініш берген және медициналық куәландыру карталарын тапсырған студенттер конкурстық іріктеудің келесі кезеңіне жіберіледі.

2, 3 және 4 кезеңдер 2024 жылғы шілденің 15-нен 24-ші шілде кезеңінде өткізіледі.

2-кезең – кәсіби-психологиялық тестілеуді өткізу.

3-кезең – дене даярлығын тексеру.

4-кезең – рейтингтік балл есептеулеріне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.

Конкурстың әрбір кезеңінен тек қана бір рет өтуге рұқсат етіледі.

Сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласыңыздар: 292-00-87,       292-64-53 – кезекші инспектор; 292-24-27.

 

Дене даярлығы бойынша студент-жігіттер үшін нормативтер

 

№ р/н

Бақылау жаттығулары

Баға

«5»

«4»

«3»

1.

100 м (с) жүгіру

14,2

14,5

15,0

2.

3000 м (мин) жүгіру

13,00

15,00

16,00

3.

Биік белдемеге тартылу (саны)

12

10

8

 

Дене даярлығы бойынша студент-қыздар үшін нормативтер

 

№ р/н

Бақылау жаттығулары

Баға

«5»

«4»

«3»

1.

100 м (с) жүгіру

16,0

16,5

17,0

2.

2000 м (мин) жүгіру

10,00

11,3

12,2

3.

Арқада жатып, қолы басының артында жағдайынан денесін көтеру (саны)

25

20

15

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту