Әскери іс институты жаңа қабылдау мерзімін бастайды
Сәтбаев университетінің Әскери іс институтында (Әскери кафедра) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқуға іріктеу конкурсына қатысу үшін 2019 жылдың 1 наурызынан бастап студенттердің өтініштерін қабылдау басталады.
Өтініштер Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, жасы 25-тен аспаған, күндізгі оқу бөлімінде оқитын 1- және 2-курс студенттерінен қабылданады. Өтініштерді қабылдау мерзімі – 2019 жылғы 1 наурыздан 20 мамырға дейін.
Өзімен бірге болуы тиіс:
- Жеке куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
- Тіркеу куәлігі немесе әскери билеті (түпнұсқасы және көшірмесі);
- 3х4 өлшемді 2 (екі) фотосуреті;
- Сотталғанының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;
- Ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де балаға қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың (бар болған жағдайда) біреуінің немесе қамқорлықтың (қамқоршылықтың) тағайындалуын растайтын құжаттардың түпнұсқасы және көшірмесі;
- Спорттық разрядын, ағымдағы жылғы орындаушылардың республикалық немесе халықаралық конкурстардағы, соңғы үш жыл ішіндегі жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардағы, сондай-ақ жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік немесе республикалық олимпиадаларда жүлделі орын алғанын растайтын құжат (бар болған жағдайда);
- Жеке істі рәсімдеу үшін екі мөлдір файл.
Мекенжайы: Алматы қ., Байтұрсынұлы к-сі, 140 (Тимирязев көшесінің қиылысы). Сұрақтар бойынша мына байланыс телефондарына хабарласыңыз: +7-(727)-292-24-27, 292-00-87.