Ақпарат:

19 сәуір 2019 3344

Әскери іс институтына оқуға қабылдау мерзімі ұзартылды

Әскери іс институтына оқуға қабылдау мерзімі ұзартылды

«Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КЕ АҚ Әскери істер институтында (әскери кафедрада) 2019 жылғы 1 наурыздан студенттердің запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқу үшін іріктеу конкурсына қатысуы үшін өтініштерін қабылдау жүргізілуде.

Өтініштер біріншікурс студенттерінен (4 жыл оқитындардан) және екінші курс студенттерінен (5 жыл оқитындардан) және колледждерді аяқтағаннан кейін ЖОО-ның екінші курсына қабылданған студенттерден, жасы 24-тен аспаған Қазақстан Республикасының азаматтарынан қабылданады.

Мекенжайы: Алматы қ, Байтұрсынұлы к-сі, 140, (Тимирязев көшесінің қиылысы). Сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: +7-(727)-292-24-27, 292-00-87.

Өтініштерді қабылдау мерзімі 2019 жылғы 20 мамырға дейін.

Өзімен бірге болуы тиіс:

  1. Жеке куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
  2. Тіркеу куәлігі немесе әскери билеті (түпнұсқасы және көшірмесі);
  3. 3х4 өлшемді 2 (екі) фотосуреті;
  4. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 «Мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу реестрінде № 12055 тіркелген) бұйрығына сәйкес, сотталғанының бар болуы немесе жоқ екендігі туралы анықтама нысан бойынша.
  5. Спорттық жетістіктерін (бар болған жағдайда) растайтын құжат.
  6. Факультет деканы қол қойған, студенттің ЖОО-да факті жүзінде оқитыны туралы анықтама.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту