Әскери іс институтының түлектері – запастағы сержанттар ант қабылдады
26 шілде күні Сәтбаев Университетінің Әскери іс институтында «Запастағы сержант» бағдарламасы бойынша білім алған түлектердің әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті.
Түлектер мен олардың ата-аналарын университеттің Ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректоры Ержан Көлдеев құттықтап, сөз сөйледі. Аталмыш іс-шараға сондай-ақ Әскери іс институтының басшылығы мен профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттердің ата-аналары мен туыстары қатысты.
Салтанатты бөлім аяқталғаннан кейін биылғы жылы Құрлық әскерлері әскери институтының оқу орталығында (Алматы) оқу-жаттығу кезінде өздерінің тамаша жетістіктерін көрсеткен курсанттар минометтердің жауынгерлік жұмыс жүргізу сәтін көрсетті, ол кезде курсанттар 82 миллиметрлік минометтерден және Д-30 гаубицаларынан атыс жүргізген болатын.
Біз жас сержанттарды қуаныштарымен құттықтап, алдағы үлкен өмірге ақ жол тілейміз!