Әскери кафедраға түсу үшін құжаттарды өткізу және медициналық комиссиядан өтудің мерзімі ұзартылды
Сәтбаев Университетінің әскери кафедрасы бірінші курс студенттерін екінші, әскери мамандық алу үшін оқуға шақырады.
Құжаттарды өткізу және медициналық комиссиядан өтудің соңғы мерзімі – 2020 жылғы 20 қыркүйек.
Әскери кафедрада оқу үшін іріктеу комиссиясы барлық эпидемиологиялық талаптардың орындалуымен екі кезеңде өткізіледі:
1. Әскери қызметке жарамдылығын растаумен құжаттарды өткізу және медициналық комиссиядан өту.
Бұны студент жеке өзі 2020 жылғы 20 қыркүйекке дейін (Сәтбаев Университеті Әскери істер институты, Алматы қ.) оқу орны бойынша жүзеге асырады.
2. Конкурстық іріктеуден өту:
- әскери қызметке үйлесімділігіне психологиялық тест;
- дене даярлығы бойынша сынақтар.
Бұны студент жеке өзі (Сәтбаев Университеті Әскери істер институты, Алматы қ.) оқу орны бойынша жүзеге асырады.
Конкурстық іріктеуден өтудің күні, айы қосымша хабарландырылады.
Студент барлық кезеңдерден өткеннен кейін әскери кафедрада ерекше өкімге дейін дистанциондық форматтта оқи бастайды.