Ақпарат:

7 наурыз 2018 6099

Астана қаласына арналған көрме Сәтбаев университетінде ашылды

Астана қаласына арналған көрме Сәтбаев университетінде ашылды

2018 жылдың 1 наурызында Сәтбаев университетінің Бас оқу ғимаратында Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Ұрпақ жалғастығы: сәулет өнері шеберлігінің кезеңдері» атты сәулет көрмесі салтанатты түрде ашылды.

Университеттің академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Ринат Искаков, Алматы қаласының бұрынғы бас сәулетшісі Ғабит Садырбаев, М.М. Меңдіқұловтың қызы Гүлнара, сондай-ақ Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының директоры Болат Құспанғалиев қатысушыларды көрменің ашылуымен құттықтап, сөз сөйледі.

Қазақстан ұлттық сәулетшілер мектебінің құрылып, алғаш рет сәулетшілерді оқытып, даярлауды бастаған әйгілі Политех қабырғасында осы көрменің ұйымдастырылуы тегін емес. Көрмеге отандық сәулет өнерінің майталмандары мен көрнекті сәулетшілер Т.К. Бәсеновтың, М.М. Меңдіқұловтың, Ш.И. Уәлихановтың және басқаларының тамаша туындылары, сондай-ақ студенттердің халықаралық байқауларда жүлделі орындарды жеңіп алған жұмыстары қойылды.

Көрменің ең басты мақсаты – мәдени мұралардың шығармашылық құндылығын сақтай отырып, қазіргі сәулет өнерін тарихпен ұштастыру, сөйтіп сәулетші мамандығының маңыздылығы мен абыройын асқақтату.

Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан Сәулетшілер одағының, Қала құрылысы одағының, Жобалаушылардың ұлттық ассоциациясының, Құрылысшылар одағының, Дизайнерлер одағының, жобалау институттары мен құрылыс фирмаларының өкілдері қатысты.

Көрме наурыз айының соңына дейін өтіп, оның аясында Сәтбаев университетінде Ашық есік күндері ұйымдастырылады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту