Астана күні құтты болсын!
Қымбатты әріптестер, достар, отандастар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерейлі мерекесі – Астана қаласының 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Сәтбаев Университеті ұжымын осы атаулы мерекемен құттықтай отырып, оқу орнының келешегі жарқын, болашағы зор болуына тілектеспін! Әрқайсымыздың жұмыла қосқан үлесіміз арқасында Астана гүлдене құлпырып, аз ғана уақыт ішінде еліміздің ғылыми және мәдени орталығына, республиканың инновациялық көзіне, Қазақстан халқына шексіз мүмкіндіктер сыйлайтын ордалы ортаға айналып шыға келді. Сол қажырлы еңбектеріңіз үшін, қосқан мол үлестеріңіз үшін Сіздерге мың алғыс! Астанамыз одан әрі гүлдене дамып, құлпыра берсін!
Ал Сіздер жаңа ғылыми белестерді бағындырып, биік жетістіктерге жете беріңіздер! Біздің ашқан жаңалықтарымыз, қол жеткен жаңа инновациялық жетістіктеріміз Қазақстан халқына жаңа экономикалық табыс әкеліп, дүниежүзілік қауымдастық алдында еліміздің дәрежесін жаңа сатыларға көтере берсін! Мереке құтты болсын!
Құрметпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Е. Қ. Бейсембетов