Астана күні құтты болсын!
Құрметті әріптестер, отандастар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – астанамыз Нұр-Сұлтан қаласы күнімен құттықтаймыз!
Еліміз үшін бұл мерекенің қоғамдық-саяси маңызы өте зор, әрі шынымен де жалпыхалықтық болып табылады. Бұл күні әрбір қазақстандық азамат өз елі үшін абыроймен мақтана алады. Республикамыздың ең басты қаласының қарыштап дамуы Тәуелсіз Қазақстан тарихының бетінде алтын әріппен жазылып, еліміздің әлемдік аренада жеткен жетістіктері мен инновациялық дамуының символы іспетті болып қалды.
Жаңа астанамыздың негізі қаланғалы 21 жыл ішінде тұтас бір ұрпақ дүниеге келіп, есейіп ержетті, яғни тұтас бір дәуір ішінде гүлденген Тәуелсіз Қазақстанмен бірге қалыптасып дамыды.
Бүгін біз келешекке нық сенім артып, келесі даму сатысына аяқ басып отырмыз. Сондықтан да жаңа инновациялар туындатып, жастарды терең біліммен сусындатып отырған біздің ұжымымыздың еңбегі өте зор. Ендігі біздің міндетіміз – алда күтіп тұрған талай жетістіктер мен жеңістерге жету.
Осы міндеттерді орындау жолындағы сіздердің әрбір күндеріңіз бақыт пен шаттыққа толы болсын, ал біздің ардақты астанамыз – Нұр-Сұлтан одан әрі гүлденіп, құлпыра берсін!
Сіздерге аманшылық пен сәттілік тілеймін, кәсіби біліктіліктеріңіз арта берсін!
Игі тілекпен,
Сәтбаев университетінің
Ректоры И. БЕЙСЕМБЕТОВ