Автоматика және ақпараттық технологиялар институты Президент жолдауын талқылауда
Институт эдвайзерлері Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Әл - ауқат қоғамы», баяндамадан кейін Жолдаудың негізгі ережелері талқыланды.
Студенттер елдегі және әлемдегі саяси және экономикалық жағдайды, сондай-ақ Қазақстанның экономикалық дамуын жеделдетуге, елдің өнеркәсібін, ғылымы мен мәдениетін жаңа деңгейге шығаруға бағытталған өзгерістерді талқылады.
Эдвайзерлер мен студенттер мемлекеттік қолдауға аса мұқтаж балаларды, жастарды, әйелдерді және басқа да қазақстандықтарды қолдау шараларына байланысты іс-шараларға үлкен көңіл бөлді.
Талқылау барысында ел болашағына салынған инвестициялар, Президент ұсынған экономикалық және саяси реформалар – бұл барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған нақты шешімдер екендігі атап өтілді. Студенттер оқытушылармен болып жатқан оқиғаларға деген қызығушылықтарын және елдегі оқиғалар туралы қалай білетіндерін бөлісті.
Кездесу соңында эдвайзерлер болашақ оқытудың академиялық егжей-тегжейін талқылап, студенттердің сұрақтарына жауап берді.