29 мамыр 2023 3573

«Автоматтандыру және басқару» бағыты бойынша республикалық пәндік Олимпиадасының II кезеңінің нәтижелері

«Автоматтандыру және басқару»  бағыты бойынша республикалық пәндік Олимпиадасының II кезеңінің нәтижелері

2023 жылдың  20-21 сәуір  аралығында Satbayev University  жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Автоматтандыру жəне басқару» бағыты бойынша XV Республикалық пəндік олимпиадасының II кезеңі өткізілді. Олимпиадаға ҚР 13 ЖООнан 36 студент қатысты.

  1. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;
  2. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  3. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті;
  4. Алматы технологиялық университеті;
  5. Cемей қаласының Шәкәрім атындағы университеті;
  6. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  7. Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті;
  8. Логистика және көлік академиясы;
  9. Халықаралық көліктік-гуманитарлық университеті;
  10. Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті;
  11. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті;
  12. Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті;
  13. Satbayev University.

Олимпиаданың II кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталды:

I орын – Руслан Семятов, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті;
II  орын – Алмаз Мырзатай, Логистика және көлік академиясы;
II  орын  – Мақсат Қали, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
III  орын  – Нұрсәт Тұрлыбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
III  орын  – Жанеля Айменбетова, Алматы технологиялық университеті;
III  орын  –Имангали Бердимурат, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті.

Олимпиада шарты бойынша Satbayev University студенттері конкурстан тыс қатысты, олардың ішінде Еламан Аскаров, Бақдәулет Ниетқалиев және Парвиз Мирзахматов үздік нәтижелер көрсетті.

«Автоматика және басқару» кафедрасы барлық жеңімпаздарды құттықтай отырып сәттілік тілейді!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту