Ақпарат:

20 сәуір 2021 5435

«Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиадасының II кезеңінің нәтижелері

«Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиадасының II кезеңінің нәтижелері

2021 жылдың 15-16 сәуірінде қашықтықтан ұйымдастырылған «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы XIII Республикалық пәндік олимпиаданың екінші кезеңінде 8 жоғары оқу орнынан 27 студент Microsoft Teams корпоративтік платформасында қатысты.  Олимпиаданың II кезеңінің қорытындысы бойынша 6 студентті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дипломымен марапаттауға ұсыну туралы шешім қабылданды:

  1. I  дәрежелі диплом – Джаханов Атабек Сейджонович, Ғ. Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің 3 курс студенті;
  2. II  дәрежелі диплом – Тешебаев Нұрдаулет Мұратбекұлы,  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 3 курс студенті;
  3.  II  дәрежелі диплом – Келес Гүлназ Мырзабекқызы, Ғ. Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің 3 курс студенті;
  4.  III  дәрежелі диплом – Кожахметов Евгений Юрьевич, Қарағанды техникалық университетінің 3 курс студенті;
  5.  III  дәрежелі диплом –  Ізмұханов Ермұхан Аманбекұлы,  М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3 курс студенті;
  6. III  дәрежелі диплом – Шашубайұлы Нұрболат, Қарағанды техникалық университетінің 3 курс студенті.

Олимпиада шарты бойынша Сәтбаев Университетінің студенттері конкурстан тыс қатысты, олардың ішінде 3 курс студенттері Талгат Каракулов, Дмитрий Горбунов, Салтанат Темірболатова және Ерхан Алдияр үздік нәтижелер көрсетті.

«Автоматика және басқару» кафедрасы барлық жеңімпаздарды құттықтайды және оларға одан әрі сәттілік тілейді!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту