31 желтоқсан 2019 6574

Бағдарламалау және математика бойынша мектеп олимпиадасы

Бағдарламалау және математика бойынша мектеп олимпиадасы

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Программалық инженерия» мен «Математика және кибернетика ғылыми білім беру орталығы» кафедралары 2020 жылы 19 қаңтарда Алматы қаласы орта мектептерінің 9–11-сынып оқушылары арасында бағдарламалау және математика пәндерінен олимпиада өткізеді.
Орта мектептің 9–11-сынып оқушылары «Ақпараттық технологиялар – болашаққа жолдама» олимпиадасына қатысуға шақырылады. Информатикалық олимпиадаға қызығушылық болашақ мамандыққа жасалған алғашқы қадамдардың бірі болуы мүмкін. Жарыс жеңімпаздарына Университет ректоры атынан шәкіртақылар тағайындалады.

Олимпиада үш номинация бойынша өткізіледі:

– Гран-при «Ақпараттық технологиялар – болашаққа жолдама». Білім және ғылым министрлігінің бекітуі бойынша Ректор шәкіртақысының 100%.
– Номинация «Ақпараттық технологиялар – болашаққа жолдама». Білім және ғылым министрлігінің бекітуі бойынша Ректор шәкіртақысының 75%.
– Номинация «Ақпараттық технологиялар – болашаққа жолдама». Білім және ғылым министрлігінің бекітуі бойынша 50%-дық шәкіртақы.

 

2020 жылы 19 қаңтарда өтетін
ОЛИМПИАДАНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТІРКЕУ
8.30 – 9.30 – Бас оқу ғимаратының 1-қабатындағы фойе.

ОЛИМПИАДАНЫҢ РЕСМИ ТҮРДЕ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ
9.30 – 10.00. Бас оқу ғимаратының 1-қабатындағы фойе.

ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗУ
10.00 – олимпиаданың басталуы. Ұзақтығы – 3 сағат.
 

 

Тіркеу және жүргізілетін орын

Бағдарламалау

Бас оқу ғимаратының 1008, 1010, 1014, 1027-аудиториялары.

Математика

Бас оқу ғимаратының 1017-аудиториясы.

Олимпиада нәтижесі туралы ақпарат 21 қаңтар күні сағат 16.00-де БОҒ алдындағы стендте және 23 қаңтар күні http://satbayev.university/ сайтында жарияланады.

Уақыты

Аталуы

13.00-14.00

Кофе-брейк

14.30-15.00

Кибернетика және ақпараттық технологиялар институтының ғылыми-оқу зертханалары бойынша экскурсия

15.30-16.30

Олимпиада қорытындысын шығару. Жеңімпаздарды жүлделер және естелік сыйлықтармен марапаттау.


Олимпиадаға қатысушылар өздерімен бірге жеке куәліктерін анықтайтын суреті бар құжат алып жүруі тиіс.

Олимпиадаға қатысу үшін https://bit.ly/2F2XaFD сілтеме бойынша 2020 ж. 16 қаңтарда сағат 17.00-ге дейін тіркелу керек. Барлық сұрақтарыңызды мына электронды мекенжайға жіберсеңіз болады: kipi.kafedra@gmail.com<mailto:kipi.kafedra@gmail.com>

Олимпиада өтетін орын: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22а, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Бас оқу ғимараты.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту