27 қыркүйек 2022 2945

Бакалавриат және магистратура білім алушылары үшін Әділов Жексенбек атындағы атаулы стипендияға конкурсқа өтінімдер қабылдау ашылды

Бакалавриат және магистратура білім алушылары үшін Әділов Жексенбек атындағы атаулы стипендияға конкурсқа өтінімдер қабылдау ашылды

Сәулет және құрылыс институтының бакалавриат және магистратура білім алушылары үшін Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі Жексенбек Әділов атындағы атаулы стипендияға Т.Қ. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты конкурс жариялайды.

Сәулет және құрылыс институтының білім беру бағдарламаларының 2 және 3 курс студенттері, сәулет және дизайн саласындағы 4 төртінші курс студенттері, сондай-ақ магистратурада білім алушылар атаулы стипендия алуға үміткер бола алады.

ҚР ҰҒА академигі Жексенбек Мәкейұлы Әділов атындағы атаулы стипендияға Конкурс жылына 1 рет өткізіледі. Стипендия мөлшері 300 000 теңгені құрайды.

Конкурс келесі білім алушылар арасында өткізіледі:

  • ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді қатысатын және ғылыми мақалалары мен әзірлемелері бар ;
  • білім беру бағдарламаларының бейіндік пәндері бойынша жақсы үлгерімі бар;
  • университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын;
  • аз қамтылған отбасылардан шыққан жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Білім алушылар басқа атаулы мемлекеттік және мемлекеттік емес стипендиялар алмайтын жағдайда стипендия тағайындалады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тиісті кафедраға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

  • ғылыми кеңесте стипендия тағайындау мәселесін қарау туралы ұсыныс (ұсынушылар оқытушылар, эдвайзерлер, ғылыми жетекшілер болуы мүмкін);
  • стипендия алуға өтінім-сауалнама (қосымшадағы үлгі бойынша);
  • үлгерім туралы құжаттың көшірмесі (транскрипт);
  • әртүрлі жобаларға, олимпиадаларға, тағылымдамаларға және т. б. қатысқаны туралы дипломдардың/сертификаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
  • отбасы және әлеуметтік жағдайы туралы құжаттың көшірмесі.

Білім алушы конкурсқа қатысуға өтінім бере отырып, дербес деректерді өңдеуге өз келісімін автоматты түрде растайды.

Стипендия туралы ереже

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту