18 қаңтар 2019 6664

Бакалаврлар мен магистранттарға арналған қысқамерзімді тағылымдамалар

Бакалаврлар мен магистранттарға арналған қысқамерзімді тағылымдамалар

Оңтүстік Кореядағы Гванджу ғылым және технологиялар институты (GIST) бакалавр мен магистранттарға техникалық мамандықтар бойынша қысқа мерзімді тағылымдамалар ұсынады (мамандықтар жөнінде толығырақ брошюрадан біле аласыз).

Грант іріктеу нәтижесінде бөлініп, келесі шығындарды қамтиды:

  • Ұшып барып-келу шығындарын жартылай төлеу;
  • Жатақханада тұру;
  • Айлық шәкіртақы;
  • Медициналық сақтандыру;
  • Корей тілі курстары/мәдени іс-шаралар.

Талаптар:

  • 3-курс бакалавры/1-курс магистранты;
  • GPA 3.0  және одан жоғары;
  • Ағылшын тілін жетік білу.

Қажет құжаттар:

  • ҚазҰТЗУ-ға оқуға түскендігін растайтын анықтама ағылшын тілінде (түпнұсқа);
  • Транскрипт ағылшын тілінде (түпнұсқа);
  • Ұсыным хат ағылшын тілінде (түпнұсқа);
  • Ағылшын тілі білімін растайтын куәлік (түпнұсқа);

Тағылымдама өту мерзімі – 2019 жылдың 21 маусымы мен 16 тамызы аралығында (8 апта).

Онлайн өтініш беру порталы 2019 жылдың 16 қаңтары мен 8 наурызы аралығында ашық болады.

Толығырақ ақпаратты Халықаралық ынтымақтастық бөлімінен алуға болады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту